Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақмола облысының Зеренді ауданында тұрғындар алкогольден өз еркімен бас тартуды жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Соның жарқын мысалы — Қанай би ауылдық округі. Оның құрамындағы екі елдімекенде ішімдік сату тоқтатылған. Мұндай байыпты қадамның нәтижесінде тұрғындардың әл-ауқаты жақсарып, қоғамдық тәртіп тұрақталған.
Ауылдық округ әкімі Медет Ақмағамбетовтің айтуынша, бұл екі ауылда үш жылдан бері бірде-бір қылмыс, тұрмыстық жанжал немесе ұсақ құқықбұзушылық тіркелмеген.
Айта кетейік, округте “Зиялы қауым” бағдарламасын енгізу бастамасын жергілікті полиция көтерген. Бұл идеяны әкімдік, қоғам белсенділері және тұрғындар қолдаған. Ақмолалықтар өзекті мәселелерді бірлесіп шешіп, профилактикалық іс-шаралар өткізіп, жастармен жұмыс жүргізіп келеді.
Зеренді ауданы жергілікті полиция қызметінің бастығы Ернар Садырбаевтың айтуынша, бүгінде курорттық аймақтағы 11 ауыл алкоголь сатудан толықтай бас тартқан. Басқа елдімекендер де бұл бастамаға қосылуға ынталы, сондықтан алдағы уақытта мұндай ауылдардың саны артады деген сенім бар.