| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақмола облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті прокуратураның үйлестіруімен электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), сондай-ақ оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды заңсыз өткізумен айналысқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Тергеу мәліметінше, өнімдер әлеуметтік желілердегі интернет-дүкендер арқылы сатылып, тапсырыстар курьерлік қызметтердің көмегімен жеткізіліп отырған. Заңсыз қызметті жасыру үшін ұйымдастырушылар конспирация шараларын қолданып, қаржы операцияларын жүргізу мен ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру мақсатында дропперлердің қызметіне жүгінген.
Алдын ала есеп бойынша, қылмыстық жолмен алынған табыс көлемі 221 миллион теңгеден асқан.
Сот санкциясымен күдіктілерге тиесілі пәтер мен автокөлікке тыйым салынды. Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы қамауға алынды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, биылғы жылдың басынан бері вейп өнімдерін заңсыз өткізу фактілері бойынша 12 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Заңсыз айналымнан 717 мыңнан астам өнім тәркіленген.
Ведомство вейптерді пайдалану, әсіресе жасөспірімдер мен жастар арасында никотинге тәуелділіктің қалыптасуына ықпал ететінін ескертіп, олардың адам денсаулығына зиян келтіретінін атап өтті.