| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Шымкентте блогердің мемлекеттік қызметкерден 10 миллион теңге бопсалағаны анықталып, ол қамауға алынды, – деп хабарлайды Dauletten.kz.
Тергеу дерегінше, ол өзінің желідегі танымалдылығын және көп жазылушысын (подписчик) пайдаланып, әкімдік қызметкерінен ақша талап еткен. Блогер қызметкерді әлеуметтік желіде мемлекеттік органдпрдың қызметін қаралайтын материал жариялаймын деп қорқытқан.
Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.