Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

"Ақтөбе" мен "Ордабасы" арасындағы матчтың соңы жаппай төбелеске ұласты

30.10.2022
2 мин
0
748

Шымкентте «Ақтөбе» мен «Ордабасы» футбол командаларының жанкүйерлері арасында жанжал туындаған. Оларды полиция қызметкерлері тоқтатты. Бұл туралы POLISIA.KZ жазды.

«29 қазан күні сағат 17:30-да 102 арнасына Шымкент қаласының тұрғынынан хабарлама түсті. Ол Тәуке хан даңғылы мен А. Байтұрсынов көшесінің қиылысында жас азаматтардың жиналғаны туралы айтты.

​Белгілі болғанындай, Ақтөбе қаласының 50 шақты тұрғыны («Ақтөбе» футбол командасының жанкүйерлері) А. Байтұрсынов көшесінің бойында Шымкент қаласының 10 тұрғынын («Ордабасы» футбол командасының жанкүйерлері) жолықтырып, араларында жанжал туындаған. Оларды полиция қызметкерлері тоқтатты.

Аталған тұлғалардың барлығы Шымкент қаласы ПД әл-Фараби аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Жауап алу барысында азаматтар төбелес жайтын жоққа шығарып, бір-біріне қатысты шағымдары да жоқ екенін айтты.

​Барлық жеткізілген тұлғалармен профилактикалық әңгіме жүргізілді», - деді полициядан.

Айта кетсек, кеше футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 25-туры аясында Шымкентте жергілікті «Ордабасы» мен «Ақтөбе» кездесті. Ойын нәтижесінде командалар тең түсті .

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл