| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Сенбі күні Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетов өз үйінде қайтыс болды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ақтөбе облыстық полиция департаменті оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлады. Қазіргі уақытта мән-жайы анықталып жатыр, қосымша ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды. Оқиғаны аудан әкімдігі де растады.
— Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды, — деп хабарлады облыстық ПД қызметі.
Темір ауданының әкімі Алмас Жақсылықов та оқиғаны растады.
— Мұндай оқиға болғаны рас. Қазіргі таңда жан-жақты қаралып, тергеу жүріп жатыр. Балалары бар, — деді аудан әкімі.