| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақтөбе облысында жол апатынан 12 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
23 қазанда Самара-Шымкент тасжолында, Белқопа ауылының маңында DAF жүк көлігі мен ГАЗель соқтығысқан. Алдын ала мәлімет бойынша жүк көлігі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.
- Жол апаты салдарынан оқиға орнында екі жүргізуші мен ГАЗель көлігінің 10 жолаушысы қаза тапты, тағы бес адам медициналық мекемеге жеткізілді. Бұл оқиға бойынша соталды тергеп-тексеру басталды. ГАЗель жолаушылар көлігі ресми түрде Т.Жүргенев ауылынан облыс орталығына жолаушылар тасымалдаумен айналысқан, - деді Ақтөбе облыстық ПД өкілі.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.