447.88
516.58
5.29
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ақтөбе тұрғыны өзін көлік қағып кеткендей көрсетіп, жүргізушілерден ақша алған
Жаңалықтар

Ақтөбе тұрғыны өзін көлік қағып кеткендей көрсетіп, жүргізушілерден ақша алған

16.09.2026
мин
0
34
Сурет: видеодан скрин

Ақтөбеде ер адам жүргізушілерді алдаудың ерекше тәсілін ойлап тапқан. Ол жаяу жүргіншілер өткелінде өзін көлік қағып кеткендей көрсетіп, жол-көлік оқиғасының көрінісін ойнаған, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жиенбаев және Ташкент көшелерінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер өткелінде ер адам өзін көлік қағып кеткендей кейіп танытқан. Кейін жүргізушілерге жол-көлік оқиғасы салдарынан дене жарақатын алғанын айтып, ақша талап еткен.

Тексеру барысында оның мұндай әрекетке екі рет барғаны анықталды. Оның сөзіне сенген жүргізушілер мобильді қосымша арқылы ақша аударған. Бір жағдайда 250 мың теңге, екінші жағдайда 200 мың теңге берілген. Келтірілген жалпы шығын көлемі 450 мың теңгені құрады. Жүргізушілердің бірі кейін болған жағдайға күмән келтіріп, полицияға жүгінген.

Тексеру барысында ақпарат расталып, ер адамның жеке басы анықталып, күдікті ретінде танылды. Қазіргі уақытта іс бойынша оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Полиция жүргізушілерге ескертеді: егер жол-көлік оқиғасынан кейін жаяу жүргінші өзіне дене жарақаты келгенін айтып, ақша талап етсе, мәселені өз бетінше шешуге тырыспау қажет.

Мұндай жағдайда полиция шақырып, болған оқиғаның барлық мән-жайын ресми түрде тіркеген жөн.


Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл