Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қайғылы жағдай Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ебейті ауылында тіркелді. Ойнап жүрген бала құлап, су жұтып қойған, деп хабарлайды Dauletten.kz, ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оқиға кеше сағат 13:00 шамасында тіркелген.
«Ебейті ауылының жанында Ебейті сайы бар. Оған қар суы жиналып жатыр. Бүгін 2020 жылы туған 4 жасар бала суға батып, қайтыс болды. Балалар сол маңда ойнаған»,- деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Оның жанында болған тағы бір бала дін аман. Байғанин ауданының әкімі Айбек Көпеновтің айтуынша, сай ауылдан 150 метр жерде орналасқан, тереңдігі шамамен 10-15 см болады. Ол жерде ауылдағы ағайындалардың балалары барып ойнаған. Ебейті ауылы су басу қаупі бар ауылға жатпайды.