Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ақтөбеде 740 млн теңге залал келтірген қылмыстық топ әшкереленді
Жаңалықтар

Ақтөбеде 740 млн теңге залал келтірген қылмыстық топ әшкереленді

07.08.2025
1 мин
0
163
Сурет: видеодан скрин

Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті, облыстық прокуратураның үйлестіруімен жүк көліктерін заңсыз тіркеумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ұйымдасқан топтың қатысушылары жалған сатып алу-сату шарттарын, көлік құралдарын тексеру туралы жалған актілерді қолданып, "Автоіздеу" ақпараттық жүйесіне шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер енгізу арқылы 77 жүк көлігін бастапқы тіркеуден өткізген.

Бұл әрекеттер Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының аумағында салықтық міндеттемелерден жалтару мақсатында жүзеге асырылған.

Мемлекетке келген залал – 740 млн теңгеден асты.

Сот шешімімен ұйымдастырушылар қамауға алынды.

Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат әзірге жарияланбайды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл