Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақтөбеде сегіз адам сушиден уланды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ақтөбеде сегіз адам сушиден уланған. Зардап шеккендердің ішінде балалар да бар.
Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендер қызу, құсу, диарея, іш ауруы секілді белгілерге шағымданған. Екеуін жансақтау бөліміне жатқызуға тура келген.
- Бүгінде бұл науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бактериологиялық талдау жүргізіліп жатыр. Олардың барлығы үйге суши, роллға тапсырыс берген, - деді Ақтөбе облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Жансәуле Дәулетова.
Дәрігерлердің сөзінше, жалпы сегіз адам ауруханаға жүгінген. Олардың екеуі - бала.