Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Оқушыларды жарысқа апарған жүргізуші – мектеп мұғалімі қамауға алынды, деп хабарлайды Dauletten.kz, Азаттық радиосына сілтеме жасап.
Мектеп мұғалімі Жандос Шамшаддиннің үстінен "Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу" және "Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау" бойынша қылмыстық іс қозғалған.
"Күні кеше, 19 желтоқсанда оқыс оқиғада жарақат алған мектеп оқушылары осы ауруханаға жеткізілген еді. Облыстағы дәрігерлер консилиум өткізген, емдеу шаралары жүргізілуде. Бүгінде балалардың жағдайы тұрақты, өмірлеріне қауіп жоқ. Бәрі де – дәрігерлердің қадағалауында", - деп мәлімдеді облыс әкімдігі.
Еске салайық, 19 желтоқсан күні таңертең Ырғыз ауданы Құрылыс ауылының маңайында «Самара-Шымкент» автожолында жол-көлік оқиғасы болды. «Toyota Alphard» автокөлігі мен «Volvo» жүк көлігі соқтығысып қалған. Нәтижесінде «Toyota Alphard» жолаушылары - ер адам және 2007 және 2008 жылдары туған екі оқушы оқиға орнында қаза тапты.