Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Әрбір бесінші қазақстандық мемлекет жағынан әлеуметтік қолдау алып отыр. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мәлім етті.
«Әлеуметтік қамсыздандыру мәселесіне тоқталсақ, мемлекет азаматтармыз алдындағы барша әлеуметтік міндеттемелерін толық орындап келеді. Қазір әрбір бесінші қазақстандық мемлекет жағынан әлеуметтік қолдау алып отыр. Оның тиімділігін арттыруда цифрлық өнімдерді енгізу басты орында. Былтыр бұл саладағы цифрландыру нәтижелері Біріккен Ұлттар Ұйымы және халықаралық институттар тарапынан оң бағасын алып, өзге елдерге үлгі етіп көрсетіп жатыр», - деді Т. Дүйсенова Мәжілістің жалпы отырысында.
Осы орайда ол қазір әлеуметтік қолдаудың басым көпшілігі (27 түрі) бойынша қызмет проактивті формат аясында атқарылып жатқанын еске салды.
«Былтыр Мемлекет басшысының Жолдауында қарастырылып, депутаттар тарапынан қолдау тапқан қауіпті жұмыс орындардағы қызметкерлердің арнаулы жәрдем ақылары биылдың басынан төленіп келеді. Қазір оны алатындардың саны 7 140 адамға жетіп, ол мақсатқа 1,2 млрд тенге қаржы жұмсалды. Бұл жұмыс жалғасады. Негізгі стандарт ретінде қолданылатын күнкөріс деңгейі тұрғысында айтқан депутаттардың сыны бойынша да өзгерістер қаралуда. Яғни Әлеуметтік Кодексте ескерілгендей, келер жылдан медиандық табысқа өту механизмдері пысықталып отыр. Бұл азаматтардың табыс деңгейінің нақты көрсеткіші ретінде халықаралық практикада атаулы әлеуметтік көмекті белгілеуде қолданылып жатыр. Бізде кезең-кезеңмен осы механизмді енгізетін боламыз», - деді Үкімет басшысының орынбасары.