| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қаржылық мониторинг агенттігі «Qarmet» АҚ-ның құқықтық мирасқоры саналатын «АрселорМиттал Теміртау» АҚ мүлкін жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Агенттік мәліметінше, 2015 жылы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ мен «АлбаСтройДор» ЖШС арасында домна шлагын қайта өңдеу туралы шарт жасалған. Алайда бұл келісім қайта өңдеу қалдықтарына билік ету құқығын көздемеген.
Тергеу барысында «АлбаСтройДор» ЖШС-нің директоры С.Ким өндірістік нысандарға еркін қолжетімділігін пайдаланып, зауыт аумағынан домна қоспасы мен кесек шойынды заңсыз алып шығу схемасын ұйымдастырғаны анықталды.
Ұрланған мүлікті кедергісіз шығару үшін қылмыстық схемаға өзара байланысты күзет ұйымы — «Күзет» ЖШС тартылып, оның қызметкерлері автокөліктердің бақылаусыз өтуіне жағдай жасаған.
Ал жымқырылған өнім С.Кимнің бақылауындағы «ГлобалСпецТорг» ЖШС және «ЦентрОптСнаб» ЖШС арқылы заңдастырылған.
ҚМА дерегіне сәйкес, заңсыз әрекеттер салдарынан жалпы құны 1,8 млрд теңгеден асатын 31 мың тоннадан астам өнім ұрланған. Қазіргі уақытта күдікті С.Г.Ким сот санкциясымен 2 ай мерзімге қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.