Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мемлекет басшысы өткен жылы жарылыс болған Арыстағы әскери полигонға барып, қаланы қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысты.
Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев жарылыстан кейін қоймадағы оқ-дәрілерді кәдеге жарату және оларды тасымалдау жұмыстары жайында баяндады. Сонымен қатар әскери бөлімнің техникалық аймағындағы оқ-дәрілердің қалдығын тазалау, жарылғыш заттарды залалсыздандыру, бұзылған ғимараттарды қайта қалпына келтіру туралы айтты. Бұдан бөлек президентке әскери құрал-жабдықтар мен арнайы техникалар таныстырылды.
"Қаланы қалпына келтіру мақсатында көптеген жұмыстар атқарылды. Мемлекет тарапынан қомақты қаржы бөлінді. Арыс қаласын қайта қалпына келтіруге еліміздің барлық аймағы атсалысты. Бұзылған ғимараттар жөнделді, жаңа үйлер салынды. Соның ішінде теміржол вокзалы да бар. Ғасырлық тарихы бар бұл ғимараттың қала тұрғындары үшін маңызды екені түсінікті", – деді мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев оқ-дәрілердің қауіпсіз сақталуын қамтамасыз ету мақсатында үкіметке қазіргі заманға сай қоймалар салу үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.