Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Әскердегі әлімжеттік қашан тоқтайды? — депутат пікірі
Жаңалықтар

Әскердегі әлімжеттік қашан тоқтайды? — депутат пікірі

25.02.2026
мин
0
228
Сурет: Бақ кз

Мәжіліс депутаты Еркін Әбіл әскердегі әлімжеттік мәселесіне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Оның айтуынша, мұндай жағдайлар бұрын да болған, алайда ол кезде қоғамға ақпарат кеңінен тарай бермеді.

— Бұл бұрыннан келе жатқан жағдай. Үлкен жүйе болған соң, кейбір жерде осындай оқиғалар болуы мүмкін. Бірақ әрбір жағдайды жеке қарап, жан-жақты тергеу керек, — деді депутат.

Ол кез келген дерек бойынша нақты кімнің кінәлі екенін, қандай себептер әсер еткенін анықтау маңызды екенін атап өтті. Барлық шешім заң аясында қабылдануы тиіс.

Депутат министрлік тарапынан тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді. Сонымен қатар мәселені тек министрлік жауапкершілігіне жүктеуге болмайтынын айтты. Оның сөзінше, жергілікті әскери бөлімдердің басшылығы да жағдайды бақылауда ұстап, тиісті шара қабылдауы қажет.

— Тек заңды қатайту арқылы мәселе толық шешілмейді. Егер әлеуметтік немесе психологиялық себептер болса, оларды да жою жолдарын қарастыру керек, — деп толықтырды Еркін Әбіл.

Сондай-ақ ол офицерлердің психологиялық ахуалы мен әлеуметтік жағдайына, әскери ортадағы тәртіп пен жауапкершілік мәселесіне назар аудару қажеттігін айтты. Депутаттың пікірінше, құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін жүйелі әрі кешенді тәсіл қажет.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл