Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астана мен басқа да өңірлердегі ауа райы туралы ескерту жарияланды
Жаңалықтар

Астана мен басқа да өңірлердегі ауа райы туралы ескерту жарияланды

22.10.2022
2 мин
0
1482

Қазақстанның тоғыз аймағы мен Астанада қар аралас жаңбыр, көктайғақ, тұман болады деп болжанып отыр. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.


Түнде 23 қазанда Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Жезқазғанда 23 қазанда түнде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с болады.


Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыс орталығында күші 15-20 м/с сақталады.


23 қазанда түнде Ақмола облысының солтүстігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман болады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Түнде облыстың басым бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 25 м/с-ке жетеді, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с болады.


Көкшетауда 23 қазанда түнде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман болады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с


Көкшетауда 23 қазанда түнде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман болады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.


23 қазанда түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Желдің бағыты солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 16 м/с жылдамдықпен жел тұрады.


Ақтөбеде 23 қазанда түнде және таңертең тұман түседі.


Абай облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында, орталығында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.


Семейде 23 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.


Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында көктайғақ, бұрқасын болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 25 м/с дейін жетеді.


Өскеменде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.


Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі.


Оралда да 23 қазанда түнде және таңертең тұман түседі.


23 қазанда таңертен және күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, Алакөл көлдері аумағында желдің күші 17-22, екпіні 29 м/с дейін жетеді.


Павлодар облысының солтүстігінде 23 қазанда түнде көктайғақ болады. Батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде аймақтың басым бөлігінде, ал күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с дейін жетеді деп күтіледі. Павлодарда 23 қазанда батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде және таңертең екпіні 23 м/с болады.


Астанада 23 қазанда күндіз көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.


Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл