Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
"Жолаушылар тасымалы" АҚ Астана – Бурабай курорты бағыты бойынша заманауи әрі жайлы №888/887 "Express" Comfort+ жаңа буындағы электрпойызын іске қосты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Осы орайда "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновтің бастамасымен Астана – Бурабай бағыты бойынша жаңа пойыз бортының өзінде көшпелі кеңес өтті. Кеңес жұмысына Көлік министрлігі, "KazakhTourism" АҚ және Туризм комитетінің өкілдері қатысты.
Іс-шарада Алакөл, Бурабай, Балқаш сынды курорттық аймақтармен теміржол қатынасын кеңейту, вокзалдарды жаңғырту және қызмет сапасын арттыру мәселелері қаралды. Сондай-ақ балаларға жеңілдіктер ұсыну арқылы отбасылық туризмді қолдауға баса назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша, жолаушылар пойыздарының қозғалысын оңтайландыру, туристік бағыттарды дамыту және қауіпсіздікті арттыру бойынша нақты тапсырмалар берілді. Ел бойынша 125 вокзалдағы жөндеу жұмыстарының сапасы мен мерзімінде орындалуы да ерекше бақылауға алынды.
"Burabay Express" пойызының іске қосылуы – жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға және туристік әлеуетті арттыруға бағытталған маңызды бастама.