| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астана – Талдықорған бағытында жаңа пойыз бағыты іске қосылады, – деп хабарлайды Dauletten.kz.
Сәуір айынан бастап, Астана – Талдықорған бағытында жаңа пойыз бағыты іске қосылмақ. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді. Министрлік өкілдерінің айтуынша, бұл бастама Мәжіліс депутаттарының қолдауымен жүзеге асырылып отыр. Сондай-ақ бұл жоба – Жетісу облысының тұрғындарының сұранысын ескере отырып, Астана мен өзге де өңірлердің теміржол байланысын жақсарта түсуге бағытталған.
Алғашқы кезеңде ұлттық тасымалдаушы Астана – Талдықорған бағытына екі жолаушылар вагонын бөлді. Олар күн ара №122/121 "Нұрлы жол – Семей" пойызының құрамында қатынайды.
Абай облысына қарасты Ақтоғай стансасында вагондар №631/632 "Ақтоғай – Талдықорған" пойызына тіркеліп, жолаушыларға бүкіл маршрут бойынша ыңғайлы әрі үздіксіз қатынауды қамтамасыз етеді.
Көлік министрлігінің ақпаратына сүйенсек, бұл формат әзірге пилоттық нұсқа. Егер алдағы уақытта жолаушылардың сұранысы тұрақты түрде өскен жағдайда, вагондар саны мен қатынау жиілігі де арта түседі.
Пойыз қатынасы биыл сәуір айында басталады. Яғни Талдықорған қаласындағы жаңғыртылған теміржол вокзалының ашылуымен қатар өткізу жоспарланған. Жаңартылған вокзал жолаушыларға жоғары деңгейдегі қызмет пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.