473.13
554.08
6.13
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Астана – Талдықорған» бағытында жаңа теміржол бағдары іске қосылды
Жаңалықтар

«Астана – Талдықорған» бағытында жаңа теміржол бағдары іске қосылды

10.04.2026
мин
0
110

Бұл бастама тұрғындардан түскен бірқатар өтінішке сәйкес қолға алынды. Бағытта жаңа үлгідегі RWS Wagon вагондары қатынайды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Пойыз құрамында екі купе және екі плацкарт вагоны бар. Күн ара қатынайтын жаңа бағыт елорда мен Жетісу облысы арасындағы тұрақты қатынасты жолға қояды. Астанадан шыққан вагондар алдымен №122/121 «Нұрлы жол – Семей» пойызының құрамында жүреді. Ақтоғай бекетінде олар №631/632 «Ақтоғай – Талдықорған» пойызына тіркеліп, әрі қарай Талдықорған станциясына дейін барады.

Пойыз Астанадан (Нұрлы жол) 9 сәуірден бастап тақ күндері сағат 06:32-де аттанып, Талдықорғанға келесі күні 11:05-те жетеді. Кері бағытта Талдықорғаннан 10 сәуірден бастап жұп күндері сағат 12:15-те шығып, Астанаға 19:30-да келеді. Жол жүру уақыты шамамен 28 сағатты құрайды.

- Жаңа 45-үлгідегі вагондар заманауи талаптарға сай. Вагондардың ішкі интерьері мерзімінен ерте тозуды болдырмайтын арнайы материалдардан жасалған. Сондай-ақ, мұнда климат-бақылау мен ауа тазарту жүйелері, жиналмалы жатын орындар, USB-порттар мен 220В розеткалар, Wi-Fi, LED-жарықтандыру және сапалы жылу оқшаулағыш орнатылған. Жолаушылар қауіпсіздігі үшін бейнебақылау, өрт сөндіру жүйелері және кондиционер қарастырылған. Бұдан бөлек, дыбыстық ақпарат беру, электронды таблолар мен шығу есіктерінің жарықтандырылуы бар, – деп атап өтті «Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілдері.

Көлік саласының стратегиялық міндеттерін жүзеге асыруда жылжымалы құрамды жаңарту мен бағыттар аясын кеңейтуге басты басымдық беріледі.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл