Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Астана – Жезқазған» пойызы енді Қызылордаға дейін қатынайды
Жаңалықтар

«Астана – Жезқазған» пойызы енді Қызылордаға дейін қатынайды

13.11.2025
мин
0
137
Сурет: Ғаломтордан

2025 жылдың 14 желтоқсанынан бастап №65/66 «Астана – Жезқазған» Тальго пойызы Қызылордаға дейін ұзартылады, – деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бұл шешім еліміздің орталық пен оңтүстік өңірлері арасындағы теміржол қатынасын тікелей байланыстырып, жолаушылар үшін жаңа мүмкіндік ашпақ. «Астана – Қызылорда» пойызы күн ара қатынап, бір сапарда 400-ден астам адамды тасымалдайды.

Сапар кезінде жайлы Тальго вагондары қызмет көрсетеді. Арнайы жабдықталған орындар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған, ал билеттеріне 50 пайыз жеңілдік қарастырылған.

Бағыттың ұзартылуы жолаушылардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді — жаңа пойыздар стандартты бағыттармен салыстырғанда шамамен жеті сағатқа жылдам жетеді. Бұл қадам өңірлер арасындағы қатынасты жеңілдетіп, қысқы маусымдағы сапарларды анағұрлым ыңғайлы етпек.

Билеттерді bilet.railways.kz сайтынан немесе вокзал кассаларынан сатып алуға болады. Қосымша мәліметті 1433 тегін нөмірі арқылы білуге, ал пойыз кестесін tablo-railways.kz порталынан көруге мүмкіндік бар.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл