| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астанада 11 медициналық орталық ашылмақ, – деп хабарлайды Dauletten.kz.
Астананың денсаулық сақтау басқармасы алдағы 4 жылда 11 медициналық нысан салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айнұр Төлеуова 2025 жылдың қорытындысы бойынша өткен алқа отырысында мәлімдеді.
– Елорда халқы жыл сайын орта есеппен 100 мың адамға өсіп отырғанына байланысты қазіргі денсаулық сақтау инфрақұрылымы үлкен жүктемені көтеруде. Одан бөлек, әрбір бесінші шақырту қала емханаларына тіркелмеген өзге өңір тұрғындары мен шетел азаматтарына тиесілі екенін де атап өткен жөн, - деді Айнұр Төлеуова.
Мемлекет бекіткен елорданың Бас жоспарына сәйкес, 2035 жылға қарай қала халқының болжамды саны 2,3 миллион адамға жетеді деп болжанған.
Аталған мәселені шешу мақсатында бірқатар медициналық ұйымның құрылысы жоспарланған. Атап айтқанда, 2 перинаталдық орталық, заманауи көпбейінді жаңа аурухана, 6 жаңа емхана оның ішінде 2 мемлекеттік, сондай-ақ 2 жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясы салу көзделген.
Сонымен қатар осы жылдың мамыр айында №2 Көпбейінді қалалық аурухана жанындағы қабылдау-диагностикалық кешеннің құрылысы аяқталады.
Кешен құрамында көпфункционалды жансақтау бөлімі, кеңейтілген қарқынды терапия палаталары, жоғары технологиялық диагностика және емдеу әдістері қарастырылған.
Елордадағы халық санының өсуіне байланысты Сарайшық ауданында 350 қабылдауға арналған жекеменшік емхана ашылған болатын. Ал биыл Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы базасында Нұра және Есіл аудандарында балаларды қабылдайтын травматологиялық пункті ашылды.