Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қалалық отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы үйлер мен әлеуметтік нысандарға жылу қандай жағдайда берілетіні жайлы айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Басқарманың айтуынша, Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және жылу беру қағидаларына сәйкес ауа райының орташа тәуліктік температурасы +10 градус және одан төмен болған жағдайда 5 тәуліктің ішінде қалалық жергілікті атқарушы орган жылыту маусымының басталуы туралы шешім қабылданады.
«Әлеуметтік нысандардан (балабақша, мектеп, аурухана, оңалту орталықтары) келіп түскен өтінімдер бойынша жылу беруді кезең-кезеңімен іске қосу туралы шешім қабылданды», - делінген хабарламада.
Осыған қарай қазір қала бойынша 116 әлеуметтік нысанға (балабақша, мектеп, аурухана) жылу берілді.