Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астанада автобустың алдыңғы әйнегін сындырған ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Dauletten.kz.
ІІМ мәліметтері бойынша, оқиға 16 қарашада таңғы сағат 05:50-де болған. Желіде тараған видео бойынша астаналық азамат Иманов көшесіндегі қоғамдық көліктің алдыңғы әйнегін сындырған.
Полиция қызметкерлері қылмыскерді ізін суытпай ұстады. Ол қаланың 34 жастағы тұрғыны болып шықты.
"Ер адам "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды және Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімі бойынша 15 тәулік мерзімге қамауға алынды", - деді ІІМ.