Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
17 наурыз күні Астана қаласының Бас мешітінде «DAULETTEN қайырымдылық қоры» ауызашар берді. Жиналған қауым саны 500 адам.
Жыл сайын қор тарапынан қасиетті Рамазан айында ауызашар беру дәстүрге айналған. Биыл бұл дәстүр Астанадан бөлек, Алматы, Тараз қалаларында да жалғасын таппақ.
«Биыл үшінші жыл қайырымды оқырман атынан құран бағыштап, дұға тіледік. Ауызашар дастарханы елордадағы Бас мешітте 500 адамға жайылды. Оларға имам оразаның мән-мағынасын, маңызын түсіндірді. Әсіресе осы қасиетті айда жақсылық жасауымыз керек», - деді «DAULETTEN қайырымдылық қоры» ЖҚ директоры Жасұлан Бостандықұлы.
Қор жұмысы мен әр қаладағы ауызашар туралы ақпаратты әлеуметтік желіден бақылай аласыздар. Жақсылық жасап жарысайық!