Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астанада Millennium Park тұрғын үй кешенінде қайғылы оқиға тіркелді. 22 маусым күні кешке пәтерлердің бірінен пышақ жарақаттарымен бойжеткеннің денесі табылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, қызға шабуыл жасаған күдікті — оның бұрынғы жігіті. Оқиға орнында болған куәгерлердің айтуынша, ер адам кейін пәтерден жүгіріп шығып, қыздың кәмелетке толмаған інісіне де пышақпен жарақат салған.
Ауыр жараланған жасөспірім дереу ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта ол дәрігерлердің бақылауында.
Полицияның хабарлауынша, 21 жастағы күдікті оқиға орнында жасырынып отырып, құқық қорғау қызметкерлеріне өз еркімен берілген.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің "Адам өлтіру" бабы бойынша іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.