Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астанада жерүсті метрополитенінің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. Бұл жөнінде елорда әкімі Нұра ауданының тұрғындарымен есептік кездесуде айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Дауға айналған LRT құрылысы 2022 жылы қайта қолға алынған еді. Сол кезде күрделі құрылыс жұмысын 2024 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған болатын. Сол күннің ауылы алыс емес сияқты.
- Біз биыл үш станцияны аяқтауды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар жыл соңына қарай эстакадалық бөліктің 95% дайын болатынына сенімдіміз. Келесі жылы жұмыстар, негізінен, жолдардың үстіңгі құрылысымен байланысты болады: рельстер, сигнализация, басқа қауіпсіздік шаралары, сондай-ақ қалған 15 станцияның құрылысын аяқтау. Осы және келесі жыл – құрылыс жұмыстарының соңғы жылы болады, - деді Астана әкімі Жеңіс Қасымбек.
Сонымен қатар ол барлық 18 станция жоғары қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келетінін атап өтті.
Құрылысы соңғы жылдары қайта жанданған LRT жайлы қандай ойдасыз? Пікіріңізді жазыңыз.