Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астанада LRT желісі станцияларының негізгі құрылысы аяқталды
Жаңалықтар

Астанада LRT желісі станцияларының негізгі құрылысы аяқталды

25.11.2024
1 мин
0
131
Сурет: ernur.kz

Астанада LRT желісі станцияларының негізгі құрылысы 100% аяқталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, елордада салынып жатқан LRT (жеңіл рельсті көлік) желісі станцияларының темірбетонды негізгі құрылыстары толығымен аяқталды. Бұл маңызды кезеңге қала тұрғындары мен билік органдары үлкен үміт артып отыр, себебі LRT жүйесі елордадағы көлік инфрақұрылымын жақсартуға және тұрғындардың сапалы әрі ыңғайлы тасымалын қамтамасыз етуге бағытталған.

LRT желісінің 18 станциясы көп деңгейлі залдар мен платформалардан тұрады. Олардың 11-і жердегі, ал 7-і жер үсті станциялары болып бөлінеді. Құрылыс аясында үлкен көлемдегі бетон мен металл конструкциялары пайдаланылды. Атап айтқанда, 79 971 текше метр В45 маркалы бетон және 9,59 мың тонна арматура қолданылды.

Биылғы жылы №101 станциясының қасбет жұмыстары толығымен аяқталды оған 497,51 тонна металл конструкцияларын орнату және сыртқы панельдер мен витраждарды қаптау (4 765 м²) жұмыстары кірді. №109 және №112 станцияларының құрылысында да маңызды кезеңдер аяқталды. Бұл станцияларда 1 210,22 тонна металл конструкциялары орнатылды.

Жер үсті станцияларының ең ерекшелігі олардың орталықтандырылған орналасуында болып табылады. Мәселен, Сығанақ көшесінде екі станция Ш. Қалдаяқов көшесінде төрт станция және "Нұрлы жол" теміржол вокзалы ауданында бір станция орналасатын болады. Сонымен қатар жерүсті станцияларына қауіпсіз кіруді қамтамасыз ету мақсатында 14 өткел қарастырылған.

2025 жылға қарай барлық LRT станцияларының құрылысы толық аяқталатын болады. Бұл кезеңде қасбеттердің монтажы, жерүстінен өтетін өткелдердің құрылысы, ішкі әрлеу жұмыстары мен жақын маңдағы аумақтарды абаттандыру жүргізіледі. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының басты мақсаты – сапалы әрі уақытылы іске қосылуын қамтамасыз ету.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл