Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
29 қыркүйектен бастап елордада жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесі сынақтық режимде жұмыс істей бастады. Бұл кезеңде жолдар мен станциялардың дайындығы, байланыс желілері, жылжымалы құрам, қозғалыс пен қауіпсіздік жүйелері тексеріледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
LRT пойыздары жүргізушісіз қозғалады. Құрамдар толық автоматтандырылған GoA4 басқару жүйесімен жабдықталған. Ол пойыздың қозғалысын, тоқтауын және есік ашу-жабуын оператордың қатысуынсыз атқарады. Мұндай технология Сингапур, Дубай және Қытайдан кейін алғаш рет Қазақстанда қолданылады.
Жабдық пен инфрақұрылымды кешенді сынақ кемінде алты айға созылады. Алғашқы кезеңде пойыздар №112–№113 станциялары арасында 10 км/сағ жылдамдықпен жүреді. Кейін жылдамдық пен қашықтық кезең-кезеңімен артады.
Сынақтар аяқталған соң LRT жүйесі 2026 жылы толық пайдалануға беріліп, елорда тұрғындарына жүргізушісіз жаңа буын көлігі ұсынылады.