Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Әлеуметтік желілерде “Астана қаласы мешітінің бас имамы тұрады” деп сипатталған зәулім үйдің видеосы тарады. Кейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) бұл ақпаратты жоққа шығарып, үйдің нақты иесін тапқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы парақшасында осы жағдайға қатысты түсініктеме беретін видео жариялады. Онда үйдің иесі өзін таныстырып, ғимараттың өзіне тиесілі екенін және оны өзі салғанын айтты.
- Соңғы уақытта бұл үйді бас имамның баспанасы деп көрсететін видео тарап жүр. Бұл – жалған ақпарат. Бұл менің үйім. Мен, Нұрлан Лесбекұлы, осы үйде 15 жылдан бері тұрып келемін. Ғимаратты өзім соғып, өзім қоныстандым, – деді видеодағы ер адам.
Сонымен қатар, ҚМДБ өкілі де жағдайға қатысты пікір білдірді.
- Әлеуметтік желіде түрлі жалған ақпарат пен жала кеңінен таралып жатыр. Бұл жолы біздің ұстаздарымыз бен имамдарымызға қатысты осындай негізсіз айыптаулар айтылды. Құранда көрсетілгендей, біреудің ақысын жеу, әділетсіздік жасау – үлкен күнә әрі дүниелік және ақыреттік ауыр азапқа апаратын іс. Қоғамға ізгілік әкелу қандай сауапқа кенелтсе, өзгеге жала жаппау мен зұлымдықтан аулақ болу да сондай сауап, – деді діни басқарма өкілі.