Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Құрбан айт мерекесі қарсаңында елордалық базарларда құрбандық шалу орындарында санитарлық нормалардың сақталуын тексерді, деп хабарлайды dauletten.kz.
Құрбан айт мерекесін атап өтуге байланысты Астана әкімдігі құрбандық шалу орындарын белгіледі:
Айта кетейік, ауыл шаруашылығы жануарларының иелері, сою орындарының сатушылары мен иелері ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 7-1/370 бұйрығымен бекітілген ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтауды сұрайды.
Мәселен, ауыл шаруашылығы жануарларын сою ережеге сәйкес берілетін есепке алу нөмірлері бар сою пункттерінде, ет өңдеу кәсіпорындарында немесе сою алаңдарында жүргізілуі тиіс.
«Бүгін біз ветеринариялық-санитариялық талаптардың сақталуын талқылау үшін сою нысандарының иелерімен кездесу өткіздік. 2 санаттағы рұқсат құжаттары жоқ жерлерде жануарларды союға тыйым салынады», - деп атап өтті мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, бас маман Мелис Қайнулдаев.
Айта кетейік, биыл Құрбан айттың бірінші күні 16 маусым, жексенбіге түсіп тұр. Сондықтан қазақстандықтарға қосымша демалыс берілмейді.