| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астанада салымшыларды алдаған «S-Group» ісі тергелуде, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, «Sincere Systems Group LTD» («S-Group») компаниясы азаматтарға Forex нарығына, майнингке және криптотокендерге инвестиция салу арқылы айына 15–20 пайыз табыс табуға болатынын айтқан.
Алайда тексеру барысында салымшылардан жиналған қаражат нақты инвестициялық жобаларға бағытталмағаны анықталған. Ақша компанияны ұйымдастырушылардың жеке қажеттіліктеріне жұмсалған.
Алдын ала деректер бойынша, бұл әрекеттерден келген залал 136 миллион теңгеден асып отыр. Қылмыстық жолмен алынған қаражат есебінен екі пәтер мен екі автокөлік сатып алынған. Аталған мүлікке тыйым салынды.
Қазіргі уақытта күдіктілерге елден шығуға шектеу қойылды. Тергеу жалғасып жатыр.