| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астанада бірнеше ай ішінде 80-нен астам рет жол ережесін бұзған жүргізуші әкімшілік қамауға алынды. Ол жылдамдықты бірнеше мәрте өрескел асырып, сағатына 151 шақырымға дейін жеткен, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзған жүргізушіге қатысты істі қарады.
Сот материалдарына сәйкес, тұрғын биыл наурыз бен маусым айлары аралығында белгіленген жылдамдықты асырып, өзге де жол қозғалысы талаптарын бұзғаны үшін 80-нен астам рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Соттың мәліметінше, жүргізуші бұған дейін бірнеше мәрте жауапқа тартылғанына қарамастан, заң талаптарын елемей, қауіпті әрекеттерін жалғастырған. Ол екі жағдайда жылдамдықты айтарлықтай асырып, көлікті тиісінше сағатына 151 және 126 шақырым жылдамдықпен басқарған.
Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді. Сондай-ақ барлық салынған айыппұлдарды төлегенін және құқық бұзушылықтардың басым бөлігінде көлікті өзі басқарғанын растады.
Іс нәтижесінде сот оны кінәлі деп танып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу туралы шешім шығарды.