| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астанада жеңіл рельсті көлік (LRT) жобасының құрылысы аяқталуға жақындады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қаладағы LRT құрылысы белгіленген кестеге сай жалғасып жатыр. Қазір станциялардың ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп, депо нысандары салынуда. Сонымен қатар эстакада астындағы аумақты абаттандыру, жаяу жүргіншілерге арналған өткелдер тұрғызу жұмыстары да қатар атқарылып жатыр.
City Transportation Systems (CTS) компаниясының хабарлауынша, LRT желісін пайдалануға беру барлық сынақ және тексеру кезеңдері толық аяқталған соң жүзеге асады. Алдын ала жоспар бойынша, жоба 2026 жылы іске қосылады.
Астана қаласының әкімдігі LRT желісін болашақта кеңейту мүмкіндіктерін де қарастырып отыр. Атап айтқанда, Қосшы қаласы бағытына, Жағалау ауданына және елорданың ескі бөлігіне қарай қосымша бағыттар салу жоспарда бар. Дегенмен қазіргі басты міндет – негізгі желіні толық аяқтап, тұрғындар игілігіне беру.
Мамандардың болжамынша, LRT іске қосылғаннан кейін оны тәулігіне 25 мыңнан 45 мыңға дейін жолаушы пайдаланады. Жоба толық қуатына шыққан жағдайда, қаладағы көлік қозғалысының орташа тәуліктік жылдамдығы 17 пайызға дейін артуы мүмкін.