| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астанадағы тұрғын үйлердің бірінде лифт құлап, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Оқиға бүгін Мұқан Төлебаев көшесінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жөндеу кезінде лифт кабинасы төменге құлап, бір жұмысшы оқиға орнында көз жұмған. Ал екеуі ауруханаға жеткізілген.
Астана қаласы полиция департаментінің айтуынша, елордадағы тұрғын үйлердің бірінде лифт құлау дерегі тіркелді. Еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзып, абайсызда адам өліміне әкеп соқтырғаны үшін қылмыстық іс қозғалды.