| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ата-енесін өлтірді деген күдікке ілінген күйеу бала Индонезияда ұсталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері шетелдік әріптестермен өзара іс-қимыл нәтижесінде Индонезия Республикасының Ломбок аралындағы Сенару ауылында аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген ер адамды ұстады.
Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша күдікке алынған. Онымен бірге бұған дейін хабар-ошарсыз кеткен деп халықаралық іздеу жарияланған бұрынғы жұбайы да анықталды. Тергеу деректеріне сәйкес, 2025 жылғы қараша айында Атырау облысында күдікті ұзаққа созылған тұрмыстық жанжал мен пайдакүнемдік ниет негізінде екі адамды қасақана өлтіруді алдын ала жоспарлап, жүзеге асырған.
Қылмысты жасағаннан кейін ізін жасыру мақсатында мәйіттерді шаруашылық құрылысының астына көміп, қан іздерін жойған, сондай-ақ жәбірленушілердің мүлкі мен ақшалай қаражатын иемденген. Қазіргі уақытта оларды Қазақстан Республикасына депортациялау мәселесі қарастырылып жатыр.