Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
30 маусымға дейін АӘК алуға өтінім берген алматылық азаматтар құжаттарын жаңарту үшін әлеуметтік әл-ауқат бөліміне бармай-ақ, автоматты түрде көмек алады. Бұл туралы Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат қоры басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы айтты.
Данияр Әлкебайұлы қала тұрғындарына атаулы әлеуметтік көмек рәсімдеу мақсатында арнайы бөлімдерге бармауларын сұрады.
"Президенттің тапсырмасымен шындықты, әділетті және еңбекке ынталандыруды қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылдың басынан атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа жүйесі енгізілді. Соған сәйкес, АӘК тағайындау үшін азаматтар тоқсан сайын құжаттарды қайта тапсыруы қажет", - деді Әлкебайұлы.
Алайда карантин жағдайына байланысты осы жылдың екінші тоқсанында көмек алушылар қауіпсіздігі үшін АӘК тағайындау мерзімі өтініш бермей-ақ, автоматты түрде ұзартылды.
"Елдегі коронавирус жағдайына байланысты министрлік АӘК алушыларының екінші тоқсандағы табысы негізінде автоматты түрде үшінші тоқсанға өтініш беруді қарастыратын бұйрық жобасын дайындап жатыр", - деді ол.
Азаматтардың өтініштері ақпараттық жүйе арқылы автоматты түрде қаралады.
Ал осы уақытқа дейін АӘК алуға өтініш бермеген азаматтар "Электронды үкімет" порталы арқылы "электронды өтініш" парақшасына өтіп, жеке басын куәландыратын құжатты қосып, өтініш бере алады.
2020 жылдың 1 шілдесіне дейін Алматы қаласында атаулы әлеуметтік көмек 4 419 адамға берілді.