Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Атырау облысында үй өртеніп, анасы мен баласы тірідей жанып кетті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Атырау облысында жекеменшік үйде болған өрт салдарынан екі адам қайтыс болды. Өрт кезінде тағы екі адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Қайғылы оқиға 11 қараша күні таңғы сағат 5 шамасында орын алған.
Өрт 72 шаршы метр аумақты қамтыған тұрғын үйге жалғасып жатқан ғимараттан шыққан. Өрт кезінде 66 жастағы әйел мен 35 жастағы ұлы қаза тапты. Ал, екі қолынан күйік алған 58 жастағы отағасы мен 5 жасар немересі түтіннен уланып, аудандық ауруханаға жеткізілді.
Өрт оқиғасы сағат 5:52-де ауыздықталып, толықтай сөндіру жұмыстары сағат 6:30-да аяқталды. Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес өртті сөндіруге Құрманғазы ауданы №7 өрт сөндіру мекемесінің тоғыз қызметкері, екі техника мен "GRWORLD" ЖШС-дан үш адам және бір техника жұмылдырылған.