Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Атырау облысында жұмысшы жастар слеті өтті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында 2025 жылды "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жариялап, өндіріс, ауыл шаруашылығы және басқа да салаларда жұмысшы мамандықтарды қолдау қажеттілігін айтты. Бұл қадам жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып, еліміздің экономикалық тұрақтылығын нығайтуды көздейді.
Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ тапсырысымен "Алматы студенттер Альянсы" КҚ "Active youth" жобасы аясында Атырау облысы жұмысшы жастарының слеті өтті.
Жұмысшы жастардың слеті Атырау облысының жұмысшы жастарын қолдауға, олардың белсенділігін арттыруға және кәсіби өсуіне ықпал етуге бағытталған. Слет аясында жастарға кәсіби мамандармен байланыс орнату, өзекті тақырыптар бойынша пікір алмасу және жеке бастамаларын жүзеге асыруға қажетті ақпарат алу мүмкіндіктері ұсынылды.
Шақырылымға 10-нан астам өндірістік кәсіпорыннан 100-ге жуық жұмысшы жас қатысты.
Шара барысында Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Әлішер Жанғалиев слет қатысушыларын құттықтап, арнайы алғыс хаттармен марапаттады. "Самұрық-Қазына" АҚ Атырау облысы бойынша Жастар кеңесінің төрағасы Бибігүл Ерниязова ҚР Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаеваның алғыс хатымен марапатталды.
Шарада "Ембімұнайгаз" АҚ басқарма төрағасының қызметі жетекшісі Алмас Идрисов, "ҚазТрансОйл" АҚ Атырау мұнай құбыры басқармасы бастығының өндіріс жөніндегі орынбасары Елдос Ибадильдин, "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС бас директордың инвестициялық жобалар жөніндегі орынбасары Наиль Хакимов, "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc" ЖШС бас директоры Дамир Әшімов сөз алып, құнды кестерімен бөлісті.
Шара соңында қатысушылармен стратегиялық сессия ұйымдастырылып, жұмыс жоспары мен алдағы жобалар талқынады.