Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Атырау облысын үлкейту жоспарлануда. Бұл туралы премьер-министр қаулысының жобасында айтылған.
«Жалпы ауданы 3 954 015,300 гектар Каспий теңізіндегі Атырау облысының шекарасы мен Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңізінің) сыртқы шегі арасындағы жерді Атырау облысының аумағына енгізу арқылы Атырау облысының шекаралары өзгертілсін», - делінген «Ашық НҚА» порталында жарияланған құжатта.
Қаулы жобасы 15 шілдеге дейін талқыланады.
Түсіндірме жазбада облыс шекараларын өзгерту мемлекеттік бюджеттен қосымша қаражатты талап етпейтіні және теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарға әкеп соқпайтыны нақтыланған.