Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Атырауда "Энергия және су болашақ үшін" акциясы іске асырылды. Іс-шара барысында қала тұрғындарына үнпарақтар таратылып, энергия мен судың болашақ үшін қаншалықты маңызды екені түсіндірілді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл шара қоршаған ортаға және болашақ ұрпаққа деген жауапкершіліктің үлгісін көрсетеді. Қазіргі таңда энергия мен су ресурстарын тиімді пайдалану – баршаға ортақ міндет.
- Энергияны үнемдеу – бұл экологиялық таза болашаққа жол ашады. Қазіргі заманғы технологиялар мен әдістерді қолдана отырып, энергия шығынын азайта аламыз және табиғи ресурстарды сақтай аламыз. Су – өмірдің негізі. Суды үнемдеу арқылы табиғат ресурстарын қорғап, таза ауыз суға қолжетімділікті қамтамасыз етуге болады. Болашақ ұрпаққа таза және қауіпсіз әлем қалдыру – біздің қолымызда. Біз бірге әрекет етіп, энергия мен су ресурстарын қорғауға үлес қоса аламыз. «Энергия және су болашақ үшін» акциясына қосылыңыздар, өз болашағымызды бірге құрайық, - делінген хабарламада.
Жоба Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ гранты негізінде "Ой бренд" қоғамдық қорының "Волонтерлар мен волонтерлік бірлестіктерді қолдауға бағытталған "Birgemiz: is-qimyl kezeni" жобасы шеңберінде іске асырылуда.