Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Атырауда мал базарында жұмыс істеген тағы бір адамнан сібір жарасы анықталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Атырау облысында тағы бір адам сібір жарасын жұқтырды. Бұл адам "Асыл агро" мал базарында малшы болып жұмыс істеген. Қазіргі уақытта науқас ауруханада ем қабылдап жатыр.
Облыстық Санитариялық-эпидемилогиялық бақылау департаментінің басшысының орынбасары Алтынгүл Аймұратова мәлімдегендей, науқас дәрігерлерге өз бетімен жүгініп, қолында жаралар бар екені анықталған. Қазіргі уақытта аурудың терілік түрін жұқтырған екі адам да стационарлық ем алуда.
Сонымен қатар мал базарында жұмыс істеген барлық қызметкер 14 күн медициналық бақылауға алынған.