Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Атырау облысында жастардың шығармашылық әлеуетін арттырып, ақпараттық-коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған жоба сәтті жүзеге асырылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жобаның басты мақсаты – жастарды жаңа медиа құралдарымен таныстырып, олардың қоғаммен байланысын нығайту, әлеуметтік желілерде контент жасау саласында қабілеттерін жетілдіру болды.
Жобаның аясында "Медиа" тақырыбында подкаст түсіру бойынша оқыту курсы ұйымдастырылды. Курсты Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің баспасөз хатшысы, журналист және тәжірибелі редактор Жәнібек Ғалым жүргізді.
Курс бағдарламасы жастарды медиа саласының негіздерімен таныстыруға бағытталды. Сабақтар аясында келесі тақырыптар қамтылды:
Практикалық тапсырмалармен толықтырылған курс соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
Екінші кезеңде жоба қатысушылары өздері түсірген подкасттарды ұсынды. "JAS ATYRAU" және "ATYRAU VIBE" тақырыптары бойынша екі ерекше подкаст дайындалды. Подкасттар жастардың шығармашылық көзқарасын көрсетуге және олардың коммуникациялық дағдыларын жетілдіруге бағытталды.
Подкаст қонақтары:
Подкаст жазбалары барысында жастар қонақтармен сұхбаттасып, storytelling негіздерін, аудиториямен байланысты нығайту әдістерін меңгерді. Сондай-ақ сұрақ қою, тыңдай білу дағдылары бойынша тәжірибе алмасты.
Жоба шеңберінде түсірілген подкасттар әлеуметтік желілерде белсенді түрде таралды. Контенттің ақпараттық қамтылуы 10 мыңнан астам қаралым жинап, тыңдармандардың қызығушылығын тудырды.
Бұл жоба жастардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіруде, заманауи ақпараттық технологияларды игеруде және медиа саласында жаңа есімдерді қалыптастыруда маңызды рөл атқарды. Жастар подкаст арқылы өз ойларын еркін жеткізіп, қоғамда өз орындарын табу үшін жаңа мүмкіндіктерге ие болды.