Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Атырауда жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар туралы инновациялық жоба іске қосылды
Жаңалықтар

Атырауда жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар туралы инновациялық жоба іске қосылды

13.11.2024
мин
0
66

Атырау облысында жастардың мемлекеттік бағдарламалар туралы хабардарлығын арттыру бойынша инновациялық жоба жүзеге асырылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Атырау облысында жастар арасында мемлекеттік бағдарламалар мен бастамалар туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған ауқымды жоба жүзеге асырылды. Бұл жоба жастардың шығармашылық және көшбасшылық қабілеттерін дамытуға, сонымен қатар ақпараттық технологиялар мен креативті әдістерді қолдану арқылы қоғамда оң өзгерістер жасауға бағытталды.

Жоба аясында үш ірі іс-шара ұйымдастырылды.

"JAS MEDIA" мектебі аясында байқау ұйымдастырылып, 152 жас өтінімдерін ұсынды. Онлайн форматта өткен іріктеу кезеңінің нәтижесінде мемлекеттік бағдарламалар мен бастамалар туралы жастардың хабардарлығын арттырудың инновациялық әдістерін ұсына алатын 30 қоғамдық пікір көшбасшысы таңдап алынды. Бұл жастар алдағы уақытта қоғамға айтарлықтай әсер ете алатын белсенді азаматтар ретінде танылды.

Анықталған көшбасшылар үшін 4 бағыт бойынша арнайы оқыту курстары өткізілді. Курс барысында жастар камерада жұмыс істеу, шешендік өнер, копирайтинг және мобилография бағыттары бойынша тәжірибелі мамандардың дәрістерін тыңдап, практикалық тапсырмалар орындады.

Оқыту курстарының тренерлері:

Камерада жұмыс істеу – Жәнібек Ғалым, тележурналист, аға оқытушы.
Копирайтинг және СММ – Дина Ораз, PR маманы және ТВ продюсер.
Мобилография – Ади Бектеміров, контент-продюсер.
Шешендік өнер – Нұрлан Азаматов, ораторлық мектебінің жетекшісі.

Әр бағыт бойынша тренингтер екі күнге созылып, қатысушылар теориялық біліммен қатар практикалық машықтарды да меңгерді. Курс соңында барлығына арнайы сертификаттар табысталды.

Курсқа қатысқан 30 көшбасшы жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар мен бастамалар туралы 3 материалдан дайындап, оларды әлеуметтік желілерде жариялады. Нәтижесінде 90 материал әлеуметтік желілерде 10 мыңнан астам қаралым жинап, айтарлықтай ақпараттық әсер қалдырды.

Бұл жоба жастардың азаматтық белсенділігін арттыруда, мемлекеттік бастамаларға қызығушылықты күшейтуде және қоғамда көшбасшылық қабілеттерін дамытуда маңызды қадам болды. Жоба қатысушылары алған білімдері мен дағдыларын одан әрі дамыту арқылы қоғамға оң өзгерістер әкелуге дайын.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл