| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты іс тоқтатылды, – деп хабарлайды Dauletten.kz.
Атырауда қайын жұртының бірнеше мүшесін өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемалиевтің бұрынғы жұбайы Ақбаян Мұқанғалиева бұған дейін Индонезиядан Қазақстанға экстрадицияланған болатын.
Алғашында оған адам өлтіру бабымен айып тағылған. Алайда тергеу барысында оның әрекетінен қылмыс құрамы анықталмағандықтан, бұл айып алып тасталды.
Кейін Ақбаян Мұқанғалиеваға бұрынғы күйеуінің қылмысын жасырды деген күдікпен жеке қылмыстық іс қозғалды. Бірақ аталған айыпты растайтын жеткілікті дәлелдер табылмағандықтан, полиция қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылдады.
Облыс прокурорының көмекшісі Айсұлу Сүлейменнің айтуынша, Мұқанғалиеваның әрекетінде Қылмыстық кодекстің 434-бабында көзделген құқықбұзушылық белгілері дәлелденбеген әрі қылмыс құрамы болмағандықтан, сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылған.