Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астана әуежайында жолаушыларды тіркеу және отырғызу бойынша жаңа жүйе іске қосылады, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Биометриялық сәйкестендіру бойынша айдың соңына дейін әуежай қызметкерлері тест режимін қолданады. SITA халықаралық компаниясының мәліметінше, жаңа биометриялық FaceID 10 минут ішінде 240 жолаушыны тексеруге қауқарлы. Ол арқылы әуежай қызметкерлерінің жұмысы жеңілдеп, уақыт үнемделеді. Астана әуежайы биометриялық тексеруге толық 2025 жылға дейін көшеді деп жоспарланған.
Тойгүл Жұбанысова, Астана халықаралық әуежайының ресми өкілі:
-Біз қазір қазақстандықтардың биометриялық мәліметтерін қолдана алмаймыз. Әзірге. Барлық азаматтың рұқсаты керек. Бірінші тест режиімінде өткіземіз. Одан кейін пилоттық жоба ретінде ішкі рейстерге, одан кейін халықаралық рейстерге сынама ретінде өткіземіз. Одан кейін барлық министрліктермен бірге қатысты жаңа заң жобасын әзірлейміз.