Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ауыл балалары инновациялық технологияларға бір қадам жақындай түсті
Жаңалықтар

Ауыл балалары инновациялық технологияларға бір қадам жақындай түсті

06.12.2023
1 мин
0
381
Фото: Altyn Qyran Foundation баспасөз қызметінен

5 желтоқсанда Астанада кəсіпкер, меценат, Altyn Qyran Foundation қоғамдық қорының негізін қалаушы Исламбек Салжановтың бастамасымен студенттермен кездесу өтті, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Шара барысында Исламбек Салжанов қазақ тілінің білім берудегі өзектілігіне тоқталып, кітаптарды қазақ тіліне аудару – еліміз үшін басты міндеттердің бірі екенін жеткізді. Сондай-ақ, еліміздегі барлық қалалық жəне аудандық кітапханаларға 8 мың дана кітап тапсырылатынын хабарлады.

«Бүгін біз, Altyn Qyran Foundation, Қазақстан блокчейн технологиялары жəне деректер орталықтары қауымдастығы, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасымен жəне «Қазпошта» АҚ-мен бірлесіп атқарған жақсы жұмысымызбен бөліскіміз келеді. Қазақ тіліндегі жаңа технологиялар туралы төрт əлемдік бестселлер еліміздің барлық қалалық жəне облыстық кітапханаларының сөрелеріне жіберіледі. Олар «Блокчейн технологиясы», «Ақшаның қысқаша тарихы», «Криптовалюта дəуірі» жəне «Шындық машиналары» - ең қолжетімді жəне блокчейн технологиялары, криптоиндустрия, WEB3 қандай екендігі жəне прогресс қайда жатқаны туралы қызықты 4 əлемдік кітап», - деді меценат.

Бұл кітаптардың барлығы онлайн форматта «Алтын Қыран» қорының ресми сайтында қолжетімді.

«Ал қазір біз өте күрделі кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Бəрімізге блокчейн технологиясы, жасанды интеллект, заттардың интернеті, кеңейтілген виртуалды шындық жəне т.б. сияқты жаңа технологияларды меңгеру керек. Ал болашақта оларға өзіміз де бір нəрсе қосуға тиіспіз. Бұл технологиялар əлі даму сатысында. Ал біз, қазақстандықтар, ең алдымен, жастар осы үдерістердің басында болуымыз керек. Бұл кітаптарды еліміздің барлық 168 аудандық кітапханаларына жеткізу арқылы біз Қазақстанның ауыл жастарының жаһандық инновациялық білімге қол жеткізуіне мүмкіндік береміз. Бұл кітаптарға онлайн қолжетімділік əрбір қазақстандыққа инновациялық технологияларды меңгеруге жол ашады», - деді спикер жастарға.

Сондай-ақ іс-шарада Блокчейн технологиялары жəне дата орталықтары қауымдастығының басқарма төрағасы Қарашев Дəурен «Блокчейн, криптоиндустрия жəне Web3 дегеніміз не» деген тақырыпта баяндама жасады.

«Блокчейн жаңа технологиялар мен инновацияларды дамытуға айтарлықтай əсер етеді. Бүгінде жас кəсіпкерлер орталықтандырылмаған жобаларды құру, қаржылық инклюзияны жақсарту жəне білім беру, үкімет, энергетика, логистика, денсаулық сақтау жəне экономикамыздың басқа секторлары сияқты əртүрлі салалардағы ашықтықты арттыру үшін блокчейнді пайдалануда», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Altyn Qyran Foundation қоғамдық қоры үш негізгі бағытта – білім беру, мəдениет жəне əлеуметтік инфрақұрылым бойынша жұмыс істейді.

0 Пікір
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл