Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда жаңа көліктердің бағасы 10 пайызға қымбаттауы мүмкін. Осы орайда қолданыстағы көліктердің де бағасы өседі. Бұл туралы Тәуелсіз автомобиль одағының басшысы Эдуард Эдаков айтты.
Оның айтуынша, елімізде көлік түрлері көптеп шығарылғанмен, оның бөлшектері өзге мемлекеттерден тасымалданады. Баға сәйкесінше қымбат болады. Доллар қымбаттаған сайын, автомобиль бағасы да өседі.
Ал қолданыстағы көліктердің бағасы 7 пайызға өсуі мүмкін. Себебі қазіргі таңда шетелден көлік әкелу тиімсіз. Утилизация сомасы 2 миллионнан жоғары, шығын көп жұмсалады. Сол себепті де екінші нарықтағы көліктерге де сұраныс жоғары болмақ.