Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Автолизингті жандандыру үшін кешенді өзгеріс керек: Құспеков ресми түрде Үкімет басшысына жүгінді
Жаңалықтар

Автолизингті жандандыру үшін кешенді өзгеріс керек: Құспеков ресми түрде Үкімет басшысына жүгінді

10.12.2025
мин
0
99

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Олжас Құспеков автокөлік лизингін жеке тұлғаларға беру механизмін жетілдіруге қатысты ұсыныстарымен Премьер-Министр Олжас Бектеновке ресми хат жолдады. Өз өтініші туралы депутат әлеуметтік желілерінде де хабарлап, дер кезінде түзетулер енгізілмесе, жаңа құрал азаматтардың пайдасына жұмыс істемей қалуы мүмкін екенін атап өтті. Бұл туралы "Республика" партиясының баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ішкі сауда қағидалары жеке тұлғаларға жаңа автомобильдерді лизингке беруге мүмкіндік бергенімен, жүйе әлі жұмыс істемей тұр. Депутат Олжас Құспековтің айтуынша, қажетті құқықтық негіз толық қалыптаспаған: автолизинг салық заңнамасында белгіленбеген, салықтық режимі анықталмаған, негізгі тетіктер сипатталмаған. Бұл компаниялардың да, азаматтардың да тиімді шарттарға қол жеткізуіне кедергі болып отыр.

Премьер-Министрге жіберген хатында ол жеке тұлғаларға арналған лизингті Салық кодексінде бекітуді, бизнеске берілетін салықтық жеңілдіктерді осы бағытқа да қолдануды және ЖТС-тың бір бөлігін бастапқы жарнаға немесе төлемдерге пайдалану мүмкіндігін енгізуді ұсынды.

Сонымен қатар депутат айыппұлдарды көлікті нақты пайдаланушыға есептеу, лизинг нысанасын сотсыз қайтару тетігін реттеу, лизингтік ұйымдарға бірыңғай талаптар белгілеу және процесті eGov арқылы толық цифрландыру қажеттігін атап өтті.

Құспеков бұл саланы қолдау үшін мемлекеттік бағдарлама қажет екенін, оның сыйақыны субсидиялау мен бастапқы жарнаны өтеуді қамтуы тиіс екенін айтты. Оның пікірінше, мұндай шаралар автолизингті қолжетімді етіп, нарықтың дамуына серпін береді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл