Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

"Айына 5 миллион маска шығады": жаңа өндіріс орны іске қосылды

01.08.2020
1 мин
0
957

Елордада айына 5 миллион маска тігетін қуатты өндіріс орны іске қосылды.

Қазіргі уақытта кәсіпорын сынақ режимінде жұмыс істейді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Шілдеден бастап сынақ режимінде жұмысқа кірісіп, қызметкерлерді де қатар оқыту басталды. Кәсіпорын жолағы сынақ режимінде екі миллионға жуық маска шығарды. Толық өндірістік қуаты - айына бес миллион маскаға дейін", - деді "Болашақ 2019" ЖШС техникалық директоры Ғабит Нүсіпов.

Медициналық маскалардың ерекшелігі - сүзгі қабатына жоғары қорғаныс қасиеті бар және су өткізбейтін материал қолданылады. Қазіргі уақытта кәсіпорында үш маусымда жұмыс істейді.

"Біз біргеміз" акциясы аясында кәсіпорын №12 қалалық емханаға 5 мың маска жеткізіп берді. Маскалардың жоспарланған бағасы – 55 теңге (көтерме сауда), 60 теңге (бөлшек сауда).

Бетперде сатып алғысы келетіндер "Болашақ 2019" ЖШС (ТМ Bolashak fharma) мына мекен-жай бойынша хабарласа алады: Нұр-Сұлтан қаласы, Байырқұм көшесі, 15. Телефон нөмірі: 8-701-111-58-64, 8-776-311-58-64, 8-775-672-26-36.

Әкімдік шілде айының ортасынан бастап қалаға пневмония, Covid-19 және басқа да ауруларды емдеу үшін 110 тоннаға жуық дәрі-дәрмек жеткізді.



 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
299
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл