Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Азаматтардың телефон нөмірі қандай жағдайда бұғатталады? Министрлік түсініктемесі
Жаңалықтар

Азаматтардың телефон нөмірі қандай жағдайда бұғатталады? Министрлік түсініктемесі

10.11.2025
мин
0
691
Сурет: ru.pinterest.com

Қазақстанда байланыс қызметін көрсету қағидалары бекітілді. Тиісті бұйрыққа жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің міндетін атқарушы қол қойған, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жаңа қағидаларға сәйкес ұялы байланыс операторлары алаяқтықтан қорғау жүйелерін (антифрод жүйелер) қолдануға міндетті. Олар Ұлттық банктің антифрод орталығымен бірлесіп, деректер алмасады. Егер оператор күмәнді қоңыраулар немесе SMS-ті анықтаса, нөмір иесі туралы мәліметті (Т.А.Ә., ЖСН, телефон нөмірі) антифрод орталығына жібереді.

Антифрод-жүйе - алаяқтықты анықтауға және алдын алуға арналған автоматтандырылған жүйе.

Егер абоненттерден немесе антифрод орталығынан шағымдар түссе, оператор екі жұмыс күні ішінде нөмірді тексеруге міндетті. Нөмір алаяқтық мақсатта пайдаланылғаны расталса, оператор оны уақытша бұғаттап, бұл туралы антифрод орталығына хабарлайды. Ал егер алаяқтық дерегі расталмаса, оператор екі күн ішінде бұл туралы Ұлттық банкке хабарлауға тиіс.

Жаңа қағидалар алғаш ресми жарияланған күннен кейін 10 күн өткен соң, яғни 18 қарашада күшіне енеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл